Қостанайдағы орман өрті елдің азық-түлік қауіпсіздігіне әсер етпейді - ҚР АШМ

Қостанайдағы орман өрті елдің азық-түлік қауіпсіздігіне әсер етпейді - ҚР АШМ
Сурет: Ашық дереккөз

Алқаптардың жаппай өртенуіне жол берілген жоқ

Қостанай облысындағы өрт елдің азық-түлік қауіпсіздігіне және экспорттық уағдаластықтардың орындалуына кері әсерін тигізбейді. Бұл туралы Ауыл шаруашылығы министрлігі мәлімдеді, деп хабарлайды Almaty-akshamy.kz «Хабар 24»-ке сілтеме жасап. 

Ведомствоның ақпаратына сай ауыл шаруашылығы дақылдары зардап шеккен егістіктер аз. Алқаптардың жаппай өртенуіне жол берілген жоқ. Өңірдегі табиғи апат салдарынан Қарабалық ауданында 15 гектер дәнді дақыл және 2 гектар аумақта зығыр дақылдары жанып кетті. Меңдіқара ауданында 1 гектар астық алқабы жойылған.

 Айта кетейік, биыл аймақта 1,8 млн алаңының 45,3% жиналды.