ІІМ академиясына курсанттар қабылданды

ІІМ академиясына курсанттар қабылданды
Сурет: ашық дереккөз

Ішкі істер министрлігі академияларына курсанттар қабылданды.

Биыл 800 орын бөлінген болатын. Алайда Қазақстанның түкпір-түкпірінен 1500 талапкер қатысты, деп хабарлайды Almaty-akshamy.kz 24.kz-ке сілтеме жасап. Сондай-ақ конкурстан тыс оқуға түскендердің арасында 14 «Алтын белгі”»иегері мен ҰБТ-да 100-ден астам балл жинаған 25 талапкер және қаза тапқан ішкі істер органдары қызметкерлерінің 3 баласы бар. Мемлекет басшысының тапсырмасына сәйкес білім беру бағдарламасының тізбесі биыл кеңейтілді. Енді оқыту процесі жедел-іздестіру, әкімшілік-құқықтық, ІТ-криминалистикалық қамтамасыз ету, киберқауіпсіздік сияқты бағыттар бойынша жүргізіледі.  

 - Емтихан кезіндегі адалдық өте жоғары деңгейде өтіп жатыр. Бүкіл шаралардың барлығы тікелей эфирде, бізде комиссия мүшесі ретінде көптеген қоғам белсенділері де, бұл салаға қатысы жоқ басқа сырттан адамдар да шақырылған,-дейді комиссия мүшесі Айдос Жұманазар.