Геннадий Головкин ресми сапармен Италияға барды

Геннадий Головкин ресми сапармен Италияға барды
Сурет: Astanatv.kz

Ұлттық олимпиада комитетінің президенті Геннадий Головкин бокстан лицензиялық турнир өтіп жатқан Бусто-Арсициоға (Италия) барды.

Аталған сында 2024 жылғы Олимпиада ойындарына барлық салмақта лицензия ойнатылып жатыр. Турнирде ерлер мен әйелдер командасы бақ сынауда, деп хабарлайды Almaty-akshamy.kz.

ҰОК басшысы шешуші жекпе-жектер кезінде қазақстандық боксшыларға қолдау көрсетеді. Бұл -Геннадий Головкиннің ҚР ҰОК президенті қызметіне сайланғалы бергі алғашқы ресми сапары.