Ғалымдардың статусы туралы заң жобасы әзірленіп жатыр

Ғалымдардың статусы туралы заң жобасы әзірленіп жатыр
Сурет: Egemen.kz

Қазақстанда 20 мыңнан астам ғалым бар.

Оның 40 пайызы - жастар. Бұл Еуропа елдерімен салыстырғанда жақсы көрсеткіш дейді мамандар. Дегенмен аталған саланың әлі де болса кемшін тұстары көп. Бұл туралы Ғылыми қызметкерлер күніне орай Алматыда өткен халықаралық конференцияда айтылды, деп хабарлайды Almaty-akshamy.kz Qazaqstan.tv-ға сілтеме жасап. 

Шараға әлемнің жетекші оқу орындарының, отандық зерттеу ұйымдарының ғалымдары қатысып, саланың даму қарқынын талқылады. Олардың сөзінше, бүгінгі таңда Қазақстанда ғылымды қаржыландыру екі есеге өскен. Қызметкерлердің де жалақылары ұлғайып, жас ғалымдардың саны көбейген.

«Қазір ғылымның проблемаларын қарайтын Ұлттық кеңес бар. Қазір ғалымдардың статусы туралы арнайы заң жобасы әзірленіп жатыр. Бұған Қазақстандағы оқу орындары, ғылыми зерттеу орталықтары қатысып жатыр. Былайша, ғалымның статусы заңды түрде бекітіліп жатыр деп айтуға болады», - дейді ғалым, профессор Сейтхан Азатұлы. 

.