Алматы мәслихатының депутаттары муниципалдық қызметкер мәртебесіне қолдау білдірді

Алматы мәслихатының депутаттары муниципалдық қызметкер мәртебесіне қолдау білдірді
Сурет: Almaty-akshamy.kz

Коммуналдық сала қызметкерлері қала және халық қызметінің стратегиялық және өмірлік маңызды мәселелерін, атап айтқанда, суық және ыстық суды, электрді үздіксіз беруде, көшелерді жарықтандыруда күнделікті ауыр еңбек етеді, жылыту кезеңінде үйлерді жылумен қамтамасыз етеді.

Мұндай мәселені мәслихат депутаты Мұхтар Зулеев бастапқыда өзінің праймериздегі сайлау алдындағы кампаниясы кезінде енгізген. Естеріңізге сала кетейік, алғашқы ашық диалог ағымдағы жылы 30 шілдеде «Алматы Су» МКК қызметкерлерімен өтті. Онда қызметкерлер өз проблемалары туралы айтып берді. Аталған санаттағы қызметкерлер көп жылдар бойы көлеңкеде қалып отырғаны және оларда, мысалы, білім беру немесе денсаулық сақтау саласындағы қызметкерлерде мемлекет тарапынан ешқандай қолдау, мемлекеттік бағдарламалар мен жеңілдіктердің жоқ екендігі белгілі болды.

Бүгінгі «дөңгелек үстелге» «Алматы Су», «Алматы жылу желілері», «Алматыжылукоммунэнерго», «АлматыЭнергоСбыт», «Алматы Қала Жарық», «Алатау Жарық» компаниясы және «Алматы электр станциялары» сияқты негізгі жеті коммуналдық қызмет кәсіподақтарының басшылары қатысты.

Сонымен қатар, мемлекеттік органдардың, оның ішінде Алматы қаласының энергия тиімділігі және инфрақұрылымдық даму басқармасының өкілдері де шақырылды.

Мәслихат депутаты Мұхтар Зулеев коммуналдық қызметкерлерді қолдау және ынталандыру мәселесін көтерді, аталған азаматтарды мемлекеттік ипотекалық тұрғын үй бағдарламаларына, әлеуметтік қолдау пакетіне, медициналық қамтамасыз етуге қатысушылардың тізіміне енгізу мәселесін қозғады, сондай-ақ коммуналдық қызметкерлердің жалақы деңгейінің төмендігі өзекті аспект болып қала береді.

«Дөңгелек үстел»  барысында коммуналдық қызметкерлерді қолдау бойынша аталған мәселені мәжілісмен Айдос Сарым қолдап, алдағы уақытта оны бейінді комиссияның қарауына және Қазақстан Республикасы Парламентінің жалпы қарауына шығарады. Бұл - "Халық үніне құлақ асатын" мемлекет тұжырымдамасының айқын көрінісі. Мәслихат депутаттары бастамашылық еткен өзекті мәселелер Парламент Мәжілісі депутаттарының арасында түсіністік табуда.

«Мен бірнеше рет коммуналдық қызметкерлермен және коммуналдық кәсіпорын басшыларымен кездестім. Сумен жабдықтау және электрмен қамтамасыз ету бойынша жұмыс процестеріне қатыстым. Мен процесті жеке көріп, жұмысшылардың өтініштері мен ұсыныстарын тыңдағым келді. Мұның бәрі қажетті өзекті ақпаратты жинақтап мәжілісмендерге жолау үшін бағытталып, олар өз кезегінде осы жобаны Парламент деңгейінде шешім шығарып, тиісті министрліктердің одан әрі орындауы үшін жасалуда. Осылайша біз көптеген отандастарымызға көмектесеміз», - деді мәслихат депутаты Мұхтар Зулеев.

Кездесу қорытындысы бойынша депутат коммуналдық қызметкерлердің мәртебесін көтеру – қазіргі уақытта негізгі басымдықтардың бірі екенін атап өтті.

Сондай-ақ, RAHYM әлеуметтік үйінің мәселесі қаралды. Мәслихат депутаты Алтынай Көбеева Қаржы министрлігі Мемлекеттік кірістер комитетінің өңірлік бөлімшелерінің қайырымдылық жүктерге салық салуы туралы мәселені көтерді.

Әлеуметтік үй Қытайдан қайырымдылық жүгін алды. Толық кедендік ресімдеуден кейін, 2 жылдан соң Мемлекеттік кірістер комитеті Әлеуметтік үйге 14 млн.теңге көлемінде салық салды. Нәтижесінде компания банкроттық туралы өтініш беруге мәжбүр болды, ал сот процестері бүгінгі күнге дейін 5 жыл бойы жүріп жатыр. Мәжілісмен бұл жағдайды да бақылауға алды.