NASA Жер бетіндегі өрттердің картасын көрсетті

NASA Жер бетіндегі өрттердің картасын көрсетті
24 kz

NASA планетамыздағы ғарыштан көрінетін өрттердің интерактивті картасын жариялады, деп хабарлайды almaty-akshamy.kz

Картадағы қызыл нүктелер өртті білдіреді. Картадағы кейбір аумақтар толығымен қызыл түске боялған. Алты құрлықтың бесеуі өрттен зардап шегіп жатыр.

Кейбір қызыл нүктелер жанартаудың атқылауын немесе газ кеніштеріндегі шоқты білдіреді, бірақ белгілердің көпшілігі орман өрті болып табылады.



Картада Еуропа, Африка, АҚШ, Оңтүстік Америка, Ресей және Австралияның солтүстігі өрттен зардап шегіп жатқаны көрсетілген.