Алматы ТЖД қызметкерлері «Заң керуені» акциясыны қатысты

Алматы ТЖД қызметкерлері «Заң керуені» акциясыны қатысты
Сурет: ТЖД

100-ден астам адамға құқықтық көмек көрсетілді

Алматылықтарға жедел құқықтық көмек көрсету мақсатында Алматы қаласы ТЖД қызметкерлері «Заң керуені» акциясыны қатысты, деп хабарлайды Almaty-akshamy.kz.
 
 Алматы қаласының прокуратурасы жергілікті атқарушы, құқық қорғау және басқа да уәкілетті органдардың қатысуымен «Заң керуені» ауқымды акциясын өткізді. Алматы қ.ТЖД тарапынан қатысқан қызметкерлерді Департамент бастығының орынбасары Самат Асайынов басқарды.

Түрлі сұрақтар мен шағымдармен жүгінген азаматтар уәкілетті органдардың өкілдерінен толық жауап ала алды.

Халықтың ең өзекті мәселелерін шешу бойынша жедел шаралар қабылданды.
Бүгінгі акцияның нәтижелері бойынша 100-ден астам адамға құқықтық көмек көрсетілді және тексеруді талап ететін шағым мәні бойынша қарауға қабылданды.

Атап өту қажет, аталған акциялар қаланың барлық аудандарында өткізілуде.