Футболдан Қазақстан кубогінде «Қайрат» ширек финалға жолдама алды

Футболдан Қазақстан кубогінде «Қайрат» ширек финалға жолдама алды
Сурет: Sputnik.kz

Кеше футболдан Қазақстан кубогінің топтық кезеңінің алтыншы турының алғашқы ойын күні аяқталды. Бұл туралы хабарлайды Almaty-akshamy.kz 24.kz-ке сілтеме жасап.

Бұл күнгі соңғы екі кездесуде А тобында Алматының «Қайраты» өз алаңында «Атырау» командасынан 3:0 есебімен басым түсті. Бұл топтағы тағы бір кездесуде Павлодар облысының «Ақсу» клубы Шымкенттің «Ордабасы» командасына 0:1 есебімен жеңіліп қалды. Аталған топтан «Қайрат» пен «Ордабасы» ширек финалға жолдама алды.

 Сондай-ақ В тобында ақтаулық «Каспий» өз алаңында «Ақжайықты» 2:1 есебімен тең түссе, «Мақтарал» (Түркістан облысы) мен «Тараз» 1:1 есебіне қанағат етті. Енді 14 тамызда 18:00-де D тобында «Жетісу» (Талдықорған) мен «Тұран» (Түркістан), 19:00-де «Шахтер» (Қарағанды) мен «Астана» (Нұр-Сұлтан), 21:00-де С тобында «Ақтөбе» мен «Тобыл» (Қостанай), В тобында «Қайсар» (Қызылорда) мен «Қызылжар» (Петропавл) ойындары басталады.