Ирандағы наразылық шеруінде 133 адам қаза тапты

Ирандағы наразылық шеруінде 133 адам қаза тапты
Сурет: Katehon.com

Қырықтан астам адамды Захедан полицейлері атып тастаған.

Иранда көптен бері жалғасып келе жатқан наразылықтар барысында 133 адам қаза тапты, деп хабарлайды Almaty-akshamy.kz.

«Қырықтан астам адамды Захедан полицейлері осы қалада өткен шеру кезінде атып тастаған. Халық полиция басшысы 15 жасар қызды зорлады деп айыптаған. Бұл туралы Iran Human Rights ұйымы хабарлады»,- делінген Svoboda.org ақпаратында.

Еске сала кетсек, Ирандағы наразылық шаралар қыркүйек айының ортасында басталған болатын. Ол аз ұлт өкілі, 22 жастағы әйелдер құқығын қорғаушы Махса Амини қайтыс болғаннан кейін басталған болатын. Оны хиджабты дұрыс кимегені үшін полицияның орынбасары ұстап алып, соққыға жыққан. Бір аптадан кейін наразылық шерулері Иранның отыздан астам қаласында, соның ішінде ел астанасы Тегеранда өте бастады. 

Захедан қаласында да наразылық білдірушілер 15 жасар қызды зорлады деген полиция басшысын жазалауды талап етті. Жұма күні, 30 қыркүйекте, қала тұрғындары өз наразылықтарын білдіру үшін полиция бөлімшесіне жиналды. Олардың кейбіреулері ғимаратқа тас лақтырған, видеода полиция көлігінің өртеніп жатқан сәті де бар. Тұрғындар вокзалдан жиналғандарға және олардың үстінде айналып келе жатқан тікұшақтан оқ жаудырды. Кейін Иран билігі бұл оқиғаны полиция бөлімшесіне жасалған «теракт» деп атады. Нәтижесінде, әртүрлі дереккөздер бойынша, 19-дан 58-ге дейін адам қайтыс болды, жүздеген адам жарақат алған.