Францияда кәсіпорындар түнде жұмыс істеуге көшті

Францияда кәсіпорындар түнде жұмыс істеуге көшті
Cурет: Qazaqstan.tv

Мұндай қадамға кәсіпорындар электр қуатын үнемдеу үшін барып отыр. 

Себебі түнгі тариф күндізгіге қарағанда 15 пайызға арзан, деп хабарлайды Almaty-akshamy.kz.
 
Алғашқылардың бірі болып осындай шешім қабылдаған Труа қаласындағы зауыт бір аптада электр энергиясына 9800 еуро үнемдеген. Кәсіпорын автокөліктердің дөңгелектеріне диск шығарады.
 
Энергетикалық дағдарыспен күресу үшін кәсіпорынның 240 қызметкері кешкі 21:00-ден таңғы 05:00-ке дейін жұмыс істеуге міндетті.

«Электр энергиясына былтыр 4 млн еуро төледік. Бұл 2021 жылмен салыстырғанда 2,5 есеге қымбат. Биыл осылай түнгі тарифпен үнемдегеннің өзінде 7 млн еуро төлеуге тура келеді. Токтың құны аспандай беретін болса, зауыт жабылуы мүмкін», - дейді зауыт директоры Юго Дюгре.