Физика саласындағы Нобель сыйлығының лауреаттары жарияланды

Физика саласындағы Нобель сыйлығының лауреаттары жарияланды
inform.kz

5 қазанда Швецияның Корольдік ғылым академиясы жанындағы Нобель комитеті физика саласындағы үш ғалымға «күрделі физикалық жүйелерді түсінуге қосқан үлесі үшін» 2021 жылғы Нобель сыйлығын табыстайтынын жариялады, деп хабарлайды ҚазАқпарат АЗЕРТАДЖ-ға сілтеме жасап.

АЗЕРТАДЖ-дың мәліметінше, Стокгольмдегі арнайы шарада физикадан Нобель сыйлығының бір бөлігі америкалық ғалым Сюкуро Манабе мен Клаус Хассельманге «жер климатын физикалық модельдеу, өзгергіштікті сандық бағалау және жаһандық жылынуды сенімді болжауға» қосқан үлесі үшін табыс етілді. Ал, қалған бөлігі италиялық ғалым Джорджо Паризиге «атомнан планетарлық масштабқа дейінгі физикалық жүйелердегі тәртіпсіздік пен ауытқулардың өзара әрекеттесуін ашқаны үшін» берілді.