Еуропа дәрі-дәрмек дағдарысына тап болды

Еуропа дәрі-дәрмек дағдарысына тап болды
Сурет: Inform.kz

Қарт құрлықтың бірнеше мемлекетінде антибиотик, балалардың ыстығы көтерілгенде беретін сироптар мен рак ауруларын емдеуге қажетті препараттар тапшы.

Мамандардың пайымынша, әрінің жетіспеуіне шикізат пен электроэнергияның қымбаттауы себеп, деп хабарлайды Almaty-akshamy.kz.
Сондай-ақ Еуропаның фармацевтикалық компаниялары жұмыс күші арзан болған соң зауыттарын Қытай мен Үндістанға көшірген.
Геосаяси ахуал ушыққалы препараттарды Азиядан тасымалдау қиынға соққан.

«Антибиотик, басқа да дәрілер ауруханаларда да жоқ. Жағдай өте қиын. Қазіргідей қымбатшылық кезде фармкомпанияларға дәрі шығару тиімсіз. Себебі заңда оларға препарат бағасын көтеруге тыйым салынған. Сол мораторийді алып тастағанда ғана проблема шешілуі мүмкін», - дейді фармацевт Мишель Фреминер.