Есентай жағалауы жаңғырды

Есентай жағалауы жаңғырды
almaty-akshamy.kz

Алмалы ауданы аумағындағы Есентай өзенінің жағалауы тазартылды.

қоғамдық, экологиялық және еріктілер ұйымының өкілдері, қарапайым қала тұрғындары Алмалы ауданы әкімдігінің ұйымдастыруымен Есентай өзенінің маңындағы жағалауды тазарту жұмыстарын жүргізді.

Жағалаудағы қоқысты жинаумен қатар, өзен аңғары аумағындағы серуен жолдары мен гүлзар қоршаулар, орындықтар сырланды. Бір мезгілдегі тазалық жұмысы кезінде Абай даңғылынан Райымбек батыр даңғылына дейінгі жағалау аумағы толық тазартылды.  Қатысушылардың басым бөлігі – жастар.

Қоғамдық экологиялық ұйымының өкілі, экоблогер Камила Акимбекова мұндай іс-шараға әлденеше рет қатысқанын айтты. Біз барғанда мол тәжірибеге ие Камила жаңадан экобелсенділерге қоқысты сұрыптауға қатысты кеңесін беріп жатты. Еріктілер тобының үйлестірушісі бұл жолғы сенбілікті өткізудің мәнісін ашып айтты. 

– Біздің экологиялық ұйымға акцияға қатысуға жүзге жуық адам жиналды. Оның ішінде студентер де, қарапайым қала тұрғындары да бар. Біз қоқысты екі топқа бөліп сұрыптаудамыз. Қайта өңдеуге жіберуге болатын заттарды: пластик, шыны, алюминийді бөлек жинаймыз. Содан соң қоқыс қалдықтарын қайта өңдейтін компанияға береміз. Алматылықтардың бойында  тазарту және қалдықтарды бөлек жинау мәдениетін қалыптастыру аса маңызды, – дейді Камила.

Экобелсенділер қала әкімдігінің «Алматы – біздің ортақ үйіміз» науқанына қатысуға шақыруын ықыласпен қабылдап, қызу іске кірісті. Сондай-ақ, акцияға қатысатын қалалық қызметтер, сондай-ақ мердігерлік ұйымдар тазалық шарасына қатысушыларға қажетті бұйымдарды дер кезінде жеткізіп, түрлі шығынды міндетіне алып, материалдарын ұсынды. Қаламыздың әр ауданының сайты мен қала әкімдігінің сайтында барлық  жоспарланған барлық іс-шараның желілік кестесі бар. Кез келген адам уақыты мен орналасқан жері бойынша өзіне ыңғайлы акцияны таңдай алады.

8 сәуірде Мемлекет басшысының бастамасымен, қала әкімінің тікелей қолдауымен «Алматы – біздің ортақ үйіміз» науқаны басталды. Осы науқан аясында қаланы абаттандыруға қатысты іс-шаралар кестесі жасалды. Бұл қоқыс жиналатын дәстүрлі сенбілік қана емес, қала тұрғындары көше жиһазын жөндеп, орындықтарды сырлап, қоғамдық орындардың тазалығына баса мән береді. Мұнда атқарылатын шаруа аулаңызда, не тұрғын үй кешеніңізде ғана емес, сонымен бірге жағалауда, саябақта болуы мүмкін. Науқанды шараға экологиялық қозғалыс, қоғамдық ұйым өкілдері, еріктілер, студенттер көптеп  қатысуда. Аудан аумағындағы осындай шараға, шамамен 300-дей адам қатысты.

Аудан әкімі Айдар Жәкібаев қаланың әр ауданының сайттары мен қала әкімдігінің сайтында барлық  жоспарланған барлық іс-шараның желілік кестесі бар екенін еске салды. Кез келген адам уақыты мен орналасқан жері бойынша өзіне ыңғайлы акцияны таңдай алады.