«Аула аумағын көгалдандыру» байқауы келер жылы да жалғасады – Сағынтаев

«Аула аумағын көгалдандыру» байқауы келер жылы да жалғасады – Сағынтаев
Сурет: Алматы әкімдігінің баспасөз қызметі

Қала әкімі бұл байқауға бизнес субъектілерінің қызығушылық танытып отырғанын жеткізді.

Алматы «Аула аумағын көгалдандыру» байқауы келер жылы жалғасады. Бұл туралы қала әкімі Бақытжан Сағынтаев Akimat live бағдарламасының тікелей эфирінде айтты, деп хабарлайды  Almaty-akshamy.kz 

Тікелей эфирде аула аумағын көгалдандыру мәселесіне байланысты қала тұрғынының сұрағына жауап берген әкім «Аула аумағын көгалдандыру» байқауы келер жылы да жалғасатынын айтты. Әрі бұл байқауға бизнес субъектілерінің қызығушылық танытып отырғанын жеткізді.

Еске сала кетейік, биылғы «Аула аумағын көгалдандыру – 2021» байқауы қала күніне орай ұйымдастырылды. Жеңімпаздарға 5 млн теңгенің сертификаты табысталды.