2035 жылға дейін Қырғызстан сыртқы қарызын толық өтеуді жоспарлап отыр

2035 жылға дейін Қырғызстан сыртқы қарызын толық өтеуді жоспарлап отыр
Сурет: 24.kg

Қырғызстан алдағы 11 жылда сыртқы қарызын толық өтеуге ниетті екенін ел президенті Садыр Жапаров «Кабар» агенттігіне берген сұхбатында мәлімдеді, деп хабарлайды аlmaty-akshamy.kz.  

«2035 жылға қарай біз бүгінге дейін қордаланған 5 миллиард доллар көлеміндегі сыртқы қарызымызды өтейтін боламыз. Экономикамыз жақсарды. Елде тыныштық пен тұрақтылық болса, біз оны оңай төлей аламыз», - деді Мемлекет басшысы.

Сонымен бірге Жапаров Қырғызстан келешегі зор жобаларға, соның ішінде құны 5-6 миллиард доллар тұратын Қамбар-Ата 1 ГЭС құрылысына жаңа шетелдік несиелерден бас тартуды жоспарлап отырған жоқ деп мәлімдеді.

«Болашақта қанша несие алсақ та, әрбір жоба өзін-өзі ақтайды. Республика бюджеті мен халықтың қалтасына ауыртпалық түспейді», – деді Президент.