Алматыда күн қатты ыстық болады

Алматыда күн қатты ыстық болады
Сурет: Мordovmedia.ru

Соған байланысты қалалық ТЖД тұрғындарға ескерту жасады.

Бүгін Алматыда +36...+38°С қатты ыстық күтіледі, деп хабарлайды Almaty-akshamy.kz Алматы ТЖД мен «Қазгидромет» РМК жасаған дауылды ескертуге сілтеме жасап.

Алматы қаласының Төтенше жағдайлар департаменті 21 шілдедегі аптап ыстыққа (+36...+38°C) байланысты қала тұрғындарына ескерту жасады.

Ведомство «Ыстық ауа райы, әсіресе, жүрек-қан тамырлары аурулары, артериялық гипертензиямен ауыратындар, сондай-ақ инфаркт пен инсульт қаупі бар адамдар үшін қауіпті» деп ескертті.

«Жаяу жүруден бас тартыңыз, дене жаттығулары мен ауыр жұмыс жасамаңыз. Дәрігердің ұсынымдарын қатаң сақтау және тағайындаған дәрі-дәрмектерді уақытында қабылдау қажет. Артериялық гипертензиямен ауыратын адамдар қан қысымын үнемі бақылауы керек», - делінген Алматы қаласы Төтенше жағдайлар департаментінің баспасөз қызметі таратқан ақпаратта.