Қырғызстанда Тоқаев пен Жапаровтың қол алысу рәсімі өтті

Қырғызстанда Тоқаев пен Жапаровтың қол алысу рәсімі өтті
Сурет: Gov.kz

Аталмыш рәсім Шолпан-Ата қаласында өтті.

Шолпан-Ата қаласында Орталық Азия мемлекеттері басшыларының IV Консультативтік кездесуі басталады, деп хабарлайды Almaty-akshamy.kz Ақорда баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

«Қазақстан Президенті Қасым-Жомарт Тоқаев пен Қырғыз Республикасының Президенті Садыр Жапаровтың қол алысу рәсімі өтті», - делінген хабарламада.

Жиынға Қазақстан, Қырғызстан, Тәжікстан, Түрікменстан, Өзбекстан көшбасшылары қатысады.