Алматы облысында кейбір ауылдар мен округтердің атауы өзгереді

Алматы облысында кейбір ауылдар мен округтердің атауы өзгереді
Сурет: Visitkazakhstan.kz

Арнайы шешім дайындалып, талқылауға түсті.

Облыс әкімдігі мен мәслихаты «Алматы облысының кейбір әкімшілік-аумақтық бірліктерін қайта атау туралы» шешім дайындады, деп хабарлайды Almaty-akshamy.kz Egemen.kz сілтеме жасап.

Атап айтқанда, Алматы облысының төменде көрсетілген ауылдары мен ауылдық округтерін қайта атау жоспарлануда:

  • Іле ауданының энергетикалық ауылдық округі - Өтеген батыр ауылдық округіне;
  • Чапаев ауылдық округі және Іле ауданының Чапаев ауылы - Байкен ауылдық округіне және Байкит ауылына;
  • Іле ауданының Междуреченск ауылдық округі және Междуреченск ауылы - Ақсай ауылдық округіне және Ақсай ауылына;
  • Іле ауданы энергетикалық ауылдық округінің Покровка ауылы - Кенен Әзірбаев ауылына;
  • Іле ауданы КазЦИК ауылдық округінің Комсомол ауылы - Жайнақ ауылына;
  • Талғар ауданы Панфилов ауылдық округінің Қызыл Ту-4 ауылы - Жібек жолы ауылы болып.

Шешім жобасы 11 тамызға дейін Ашық НҚА сайтында жария талқылау үшін орналастырылған.