Еркін күрестен рейтингтік турнирде Қазақстан қоржынына күміс медаль түсті

Еркін күрестен рейтингтік турнирде Қазақстан қоржынына күміс медаль түсті
Сурет: Inform.kz

Венгрия астанасы Будапешт қаласында өтіп жатқан күрес түрлерінен рейтингтік турнирде Өсімжан Дастанбек (61 келі) күміс медаль алды.

Жарыс барысында Өсімжан Дастанбек финалда албаниялық Зелимхан Абакаровқа есе жіберді. Бұл салмақта қазақстандық тағы бір балуан Асылжан Есенгелді «қола» алды. Ол 3-орын үшін белдесуде грузин Шота Партенадзені қапы қалдырды.

Сондай-ақ, Санжар Досжанов​ (70 келі) ирандық Амир Язданиді, Данияр Қайсанов (79 келі) қазақстандық тағы бір балуан Нұрдәулет Қуанышбайды жеңіп, қола жүлде алды.

​​Ал әйелдер күресінен Ирина Кузнецова (62 келі) мен Елена Шалыгина (68 келі) ​жүлдеден тыс қалды.

Бүгін, 15 шілдеде әйелдер күресінен 55, 59, 65, 72 және 76 келіде жүлделер сарапқа салынады. Ел құрамасынан Марина Седнева (55 келі) және Жамила Бақбергенова (72 келі) сайысқа түседі.

Сондай-ақ, бүгін грек-рим күресінен 55, 60 және 63 келіде балуандар боз кілемге шығады.