Еркін күрестен Қазақстан екі алтын алды

Еркін күрестен Қазақстан екі алтын алды
Сурет: ашық дереккөз

Қазақстандық еркін күресшілер Астанада өтіп жатқан Азия чемпионатында екі алтын медаль жеңіп алды, деп хабарлайды Аlmaty-akshamy.kz  Olympic.kz-ке сілтеме жасап.

Санжар Досжан (70 келіге дейін) мен Болат Сақаев (79 келіге дейін) финалда жеңіске жетті.

Отандасымыз Санжар Досжан шешуші жекпе-жекте өзбекстандық Зафарбек Отохановпен белдесті.

70 келіге дейінгі салмақ дәрежесінде жерлесіміз өзбек балуанын 2:0 есебімен жеңді.

Астана төріндегі боз кілемде Болат Сақаев Өзбекстан өкілі Бекзод Абдурахмановпен белдесті.

79 келіге дейінгі салмақ дәрежесіндегі шешуші жекпе-жекте Сақаев өзбек балуанын жеңіп, Азия чемпионы атанды.

Үшінші болып 57 келіге дейінгі салмақ дәрежесінде Рахат Қалжан шықты.