Ереванда Қазақстан Президентін салтанатты қарсы алу рәсімі өтті

Ереванда Қазақстан Президентін салтанатты қарсы алу рәсімі өтті
Сурет: Akorda.kz

Арменияның Мемлекеттік резиденциясында Ереванға ресми сапармен келген Қазақстан Президенті Қасым-Жомарт Тоқаевты салтанатты түрде қарсы алу рәсімі өтті

Құрмет қарауылының бастығы екі ел басшыларына рапорт берді, деп хабарлайды аlmaty-akshamy.kz.  Қазақстан мен Арменияның әнұрандары шырқалғаннан кейін Қасым-Жомарт Тоқаев пен Никол Пашинян бір-біріне ресми делегация мүшелерін таныстырды. Салтанатты рәсімнен кейін Мемлекет басшысы мен Армения Премьер-министрі келіссөз өтетін залға барды.