Енді 43 елге визасыз саяхаттауға болады

Енді 43 елге визасыз саяхаттауға болады
Сурет: Almaty-akshamy.kz

90 күнге баруға болатын кей елге алдын ала тіркелу керек.

Қазақстандықтар 43 елге визасыз саяхаттай алады, деп хабарлайды Almaty-akshamy.kz

Биыл қазақстандықтар әлемнің 43 еліне визасыз саяхаттай алады. Оның ішінде шенген аймағынан тыс Еуропа және Азия елдері бар.

Беларусь, Доминикан Республикасы, Қырғызстан, Палестина, Тәжікстан, Өзбекстан сияқты елдерге көк төлқұжатпен-ақ баруға болады.

Оңтүстік Корея мен Шри-Ланкаға саяхатқа рұқсатты электронды түрде алу керек.

Мұнда 1 айға дейін тұрақтауға болады.