Қазақстандық жас теннисші Аружан Сағындықова Ролан Гаррос турнирінде бақ сынады

Қазақстандық жас теннисші Аружан Сағындықова Ролан Гаррос турнирінде бақ сынады
Сурет: Egemen.kz

Аружан Сағындықова жастар арасында Ролан Гаррос турнирінің іріктеу сайысын сәтті бастады.

Аружан іріктеу сайыстарының жартылай финалында франциялық Офалья Буллаймен кездесті. Екі сағатқа созылған тартысты матчта қазақстандық теннисші 6:4, 5:7, 10:6 есебімен жеңіске жетті, деп хабарлайды Almaty-akshamy.kz 

А.Сағындықова іріктеу сайыстарының финалында жапониялық Хая Киноситамен шеберлік байқасады. Іріктеу сайыстарының 6-ракеткасын жеңсе, негізгі жарысқа жолдама алады.

Тағы бір жас қазақстандық Максим Батютенко жергілікті ойыншы Томас Фурельге жол берді – 6:4, 4:6, 7:10.

Қазақстанның әйелдер арасындағы екінші, әлемнің 37-ракеткасы Юлия Путинцева үшінші айналымға өте алмады. Ол әлемнің 30-ракеткасы, италиялық Камила Джорджиден ұтылып қалды – 3:6, 5:7.

Ю.Путинцева жұптық сында да жарыс жолынан шығып қалды. Ол америкалық Даниэль Коллизбен бірге румыниялық Моника Никулеску – бельгиялық Элисон Ван Эйтванктан жеңілді – 6:3, 3:6, 1:6.