Отандық өнім қолдау табуда

Отандық өнім қолдау табуда
Сурет: Yandex.ru

Қазақстандық өнімдер артып келеді.

Елімізде отандық өнімдерді қайта өңдеу қарқын алып барады, деп хабарлайды Almaty-akshamy.kz.

Қазақстанда өндіріс жанданып, отандық өнімдерді қайта өңдеу қарқын алып барады. Саладағы өсім жыл басынан 6%-ға жуықтаған. Есесіне жергілікті тауар түрлерінің экспорттық әлеуеті арта түсті. Жалпы, өзге елдер нарқымен алыс-беріс оңалып, сыртқы сауда-саттық қайта қызған. Бұл туралы Үкімет отырысында Ұлттық экономика министрі Әсет Ерғалиев нақты сандық дәйекті деректер келтіре отырып мәлімдеді.

Ұлттық экономика министрі Әсет Ерғалиевтің пікірінше, отандық өнімдерді қолдау артуда көрінеді.

«Қаңтар-маусым айларында сыртқы сауда тауар айналымы 45,3 млрд долларды көрсетіп, оның ішінде экспорт бойынша көрсеткіш 27 млрд долларды құрады. Бұл ретте өңделген тауарлар экспорты 25%, яғни 8,9 млрд долларға дейін өсті. Тауарлар импорты 18,3 млрд долларды құрады. Жалпы, сауданың балансы 8,7 млрд долларды құрап, оң деңгейінде сақталды», - деді Ұлттық экономика министрі Әсет Ерғалиев.