Еңбек инспекторлары бес мыңға жуық жұмыскердің құқығын қорғады

Еңбек инспекторлары бес мыңға жуық жұмыскердің құқығын қорғады
Сурет: Inbusiness.kz

Оларға 1 млрд 430,7 млн теңге төленді.

Жыл басынан бері Қазақстандағы еңбек инспекторлары құқығы бұзылған бес мыңға жуық жұмыскерді қорғап шықты, деп хабарлайды Almaty-akshamy.kz.

«Осы жылғы 1 мамырдағы жағдай бойынша, Мемлекеттік еңбек инспекторлары республиканың 333 кәсіпорнында 7 мың жұмыскердің алдында 1 млрд 689 млн теңгеден астам сомаға жалақы бойынша берешекті анықтады»,- делінген Еңбекмині баспасөз қызметінің хабарламасында.

Осы кәсіпорындардың басшыларына орындалуы міндетті 204 нұсқама беріліп, 40 млн теңгеден астам сомаға айыппұл салынды.

Қабылданған шаралардың ішінде жалақы бойынша берешекті өтеудің қатаң кестелері мен мерзімдерін белгілеу нәтижесінде 4,8 мыңнан астам жұмыскердің құқықтары қорғалды. Оларға 1 млрд 430,7 млн теңге төленді.