Елорда — Алматы төрінде

Елорда — Алматы төрінде
Almaty-akshamy.kz

Бостандық ауданы әкімдігінің қолдауымен Mega Center ойын-сауық орталығында "Астана күні" аталып өтті, деп хабарлайды Almaty Aqshamy.

Концерттік шара елордамыз Астананың 25 жылдық мерейтойына арнап ұйымдастырылды.

6 шілде Астананың туған күні. Алматылықтар бұл күнді ерекше атап өтті.

Мерекелік сахнада қазақ ұлттық өнерінің қаймағы Құрманғазы оркестрі өнер көрсетті. 

Оркестрдің орындауындағы қазақтың классикалық музыка туындыларына жастар, қаламыздың тұрғындары мен қонақтары ерекше тәнті болды. Шырқалған ән мен күй жиналған жамағатқа мерекелік көңіл-күй сыйлады.