Қазақстандық ақсақал Азияның абсолютті чемпионы атанды

Қазақстандық ақсақал Азияның абсолютті чемпионы атанды
Сурет: Gov.kz

Қарағандылық қарт екі бірдей рекорд орнатты. 

74 жастағы ақсақал Дәрібай Оспанов ардагерлер арасындағы пауэрлифтингтен Азия, Океания және Африка чемпионатында екі рет жеңіске жетіп, екі бірдей рекорд орнатты, деп хабаарлайды Almaty-akshamy.kz.

Qazaqstan.tv ақпаратынша, аталмыш додаға әлемнің 80 елінен келген спортшылар қатысты. Қазақстандық атлет 83 келі салмақ дәрежесінде бақ сынады. Классикада 400 келі, экиПировкамен өнер көрсетуде 450 келіні бағындырлы. Осылайша, Дәрібай Оспанов ардагерлер арасында Азияның абсолютті чемпионы атанды.