Елімізге Сингапур Президенті келді

Елімізге Сингапур Президенті келді
Сурет: Akorda.kz

Қарсы алу рәсімінде екі елдің әнұрандары шырқалды.

Сингапур Президенті Халима Якоб Қазақстанға келді, деп хабарлайды Almaty-akshamy.kz.

«Ақорда» резиденциясында Сингапур Республикасының Президенті Халима Якобты салтанатты түрде қарсы алу рәсімі өтті.

Құрмет қарауылының бастығы мемлекеттер басшыларына рапорт берді, сондай-ақ Қазақстан мен Сингапурдың әнұрандары орындалды.