Еліміздің екі қаласында ауа сапасы нашарлайды

Еліміздің екі қаласында ауа сапасы нашарлайды
Сурет: Самат Құсайынов

17 қазан күні Қазақстан аумағының басым бөлігінде қолайлы метеорологиялық жағдай сақталады.

«Қазгидромет» РМК баспасөз қызметі таратқан мәліметке сенсек, 17 қазан, сейсенбі күні еліміздегі қалалардың басым көпшілігінде метеорологиялық ахуал бірқалыпты болады, деп хабарлайды Almaty-akshamy.kz.

Тек Алматы және Астана қалаларында ауа сапасы біршама нашарлайды.

Қолайсыз метеорологиялық жағдай - атмосфералық ауаның беткі қабатында зиянды заттардың шоғырлануына ықпал ететін қысқамерзімді метеофакторлардың (тымық ауа райы, жеңіл жел, тұман, инверсия) жиынтығы.

ҚМЖ жағдайында елді мекендердегі атмосфералық ауаның сапасы нашарлауы ықтимал.