Ер адам 12 келес кесірткесін сойып жеп қойыпты

Ер адам 12 келес кесірткесін  сойып жеп қойыпты
Сурет: Yuz.uz

«Янги Ўзбекистон» басылымының мәліметіне сүйене отырып, жүрегі 3 рет ауырған қарт азамат келес кесірткесінің (келес кесірткесі немесе варандар Қызыл кітапқа енген) еті мен терісі дертке ем екенін естіп, оларды аулауға кіріскен, деп хабарлайды аlmaty-akshamy.kz. 

Дала кезіп, шоғырланып жатқан 14 кесірткенің басынан ұрып, оларды шала-жансар күйінде үйіне әкелген. Бұл «аңшының» бірінші олжасы, келесі жолы ол 18 келес кесірткесін аулаған көрінеді.

Аурудың дауасын табу үшін өзі аулаған келес кесірткесін сойып, пісіріп жеген.

Ер адам 32 келес кесірткесінің 12-сін сойып, еті мен терісін жеп, қалған 20-сын кейін тұтыну үшін үйінде сақтаған.

Сот ер адамды 3 жылға бас бостандығынан айыру жазасына кесіп, Экология министрлігінің пайдасына 141 миллион 900 мың сум (5 533 109 теңге) өндіруге үкім шығарды.

Айта кету керек, соңғы жылдары ем іздеп, кірпі аулап кеткендер кездесіп еді. Сонымен қатар, еміне дауа іздегендер есек сүтін де ішкені туралы ақпарат тараған болатын.