Гагарин даңғылындағы ағаштар заңсыз кесілген

Гагарин даңғылындағы ағаштар заңсыз кесілген
Сурет: Almaty-akshamy.kz

Алматы қаласы экология және қоршаған орта басқармасы басшысының орынбасары Ұлан Абдулдаев Гагарин даңғылындағы ағаштарды кесуге қатысты түсінік берді,  деп хабарлайды Almaty-akshamy.kz. 

«Алматы қаласының экология және қоршаған орта басқармасы Гагарин даңғылы, 80 мекенжайы бойынша ағаштарды кесуге рұқсат берген жоқ.
Осы факт бойынша Алматы қаласы ПД ЖПҚ қызметкерлерімен бірлесіп орынға бару ұйымдастырылды. Тексеру барысында терек түрінің 3 дана көлеміндегі ағаштардың тәжін кесу фактісі анықталды»,-деді Абдулдаев. 

Аталған факті бойынша ҚР ӘҚБтК-нің 386-бабы бойынша әкімшілік хаттама толтырылып, 150 дана жапырақты ағаштарды өтемдік отырғызу бойынша кепілдік міндеттеме алынады.

Сонымен қатар ол ағаштарды кесуге тапсырыс беруші: жоғарыда көрсетілген мекенжайдағы «Медициналық орталықтың құрылысын» жүзеге асырушы азамат Бекмусаев Б.К. екенін жеткізді.