Дауыс беру кабинасына екі немесе одан да көп адамның кіруіне бола ма: Алматыда ережелер түсіндірілді

Дауыс беру кабинасына екі немесе одан да көп адамның кіруіне бола ма: Алматыда ережелер түсіндірілді

Жанна Асанова 105 сайлау учаскесінің жұмыс кестесі жайлы түсінік берді.


Алматы қаласы аумақтық сайлау комиссиясының төрайымы Жанна Асанова сайлау күнінің бірінші жартысында орын алған жағдайларға қатысты бірқатар сұрақтарға жауап берді, деп хабарлайды Almaty-akshamy.kz. 


105-ші сайлау учаскесінде дауыс беру таңғы сағат 7.00-де басталды. Сайлау учаскесінде сағат 6.00-де Әнұран шырқалды. Дауыс беру сағат 6.00 мен 7.00 аралығында жүргізілген жоқ.



«Барлық сайлау учаскелерінде, соның ішінде халықаралық сайлау учаскелерінде де байқаушылар бар. Бұл учаскеде дауыс беру таңғы сағат 6-да басталса, бұл туралы міндетті түрде білетін едік», - деді Ж.Асанова брифингте. 



АСК №137 сайлау учаскесі мүмкіндігі шектеулі азаматтардың дауыс беруіне арналған компьютермен жабдықталғанын хабарлады.


Баспасөз мәслихатында журналистер модераторға өз сұрақтарын қойды. Оларды сайлау учаскелері толығымен жабылғанша журналистер сайлау учаскесінде жүруге бола ма, суретке түсіріп, учаскелер жабылғанша репортаж жасай  ала ма деген сұрақтар қызықтырды. 



«Журналистер де, бақылаушылар да және сенім білдірілген азаматтар да бұл құқыққа ие. Шектеу тек шетелдік бақылаушыларға қойылған, олар фото-видеоға түсіре алмайды. Бірақ тікелей эфир және стримдер жүргізуге кеңес берілмейді, дауыс берудің құпия түрде өтетінін ұмытпаған жөн. Әркімнің құпияны сақтау құқығы бар. Сонымен бірге, адамның өзінің суретінің БАҚ-да қолданылуына қатысты құқығы бар», - деп түсіндірді Ж.Асанова. 



Алматының АСК төрайымы 121, 128 және 225 сайлау учаскелерінде AMANAT партиясының атынан екі бақылаушыдан болған деп келіп түскен факт бойынша түсіндіріп өтті.  


Асановаға жолданған сұрақтар арасында "Сайлау учаскесі жеке кіру есігімен қамтылу керек пе?" деген сауал қойылды. Оның айтуынша, ондай талап жоқ. 



«Бізде 3, тіпті 4  сайлау учаскесі бар мектептер бар, оған түсіністікпен қарау керек», - деді Асанова. 



Алматылықтарды толғандырған сұрақтардың бірі "Дауыс беру кабинасына екі адам кіруге бола ма?" деген сауал болды. 



«Сайлау туралы» заңның 41-бабына сәйкес, әрбір сайлаушы жеке дауыс береді және басқа адамның болуына тыйым салынады», - деп қорытындылады Ж.Асанова.


Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды
0
Ұнамайды
0
Күлкілі
0
Шектен шыққан
0
Соңғы жаңалықтар

23:08

22:54

22:42

20:45

20:38

20:24

19:58

19:38

18:50

18:41

18:25

18:07

17:53

17:41

17:28

17:10

17:09

16:34

16:25

16:18

16:09

16:07

15:22

14:48

14:38