Еліміздің бірқатар өңірінде бұрқасын болады

Еліміздің бірқатар өңірінде бұрқасын болады
Сурет: интернеттен

Астанада және 11 өңірде ауа райы қолайсыз.

"Қазгидромет" РМК синоптиктері ертең, 10 ақпанда елдің 12 өңірінде қолайсыз ауа райына байланысты ескерту жасады, деп хабарлайды Almaty-akshamy.kz

Ұлытау облысының солтүстігінде бұрқасын, облыстың оңтүстігінде тұман күтіледі, күндіз облыстың басым бөлігінде жаяу бұрқасын, көктайғақ күтіледі. Оңтүстік-батыстан жел соғады, облыстың солтүстігінде екпіні 15-20 м/с күтіледі.

Астанада түнде және таңертең бұрқасын, көктайғақ күтіледі. Оңтүстік-батыстан, батыстан жел соғады, түнде және таңертең екпіні 15-20 м/с.

Қарағанды облысының батысында, солтүстігінде, шығысында бұрқасын, көктайғақ, облыстың оңтүстік-шығысында тұман күтіледі. Оңтүстік-батыстан жел соғады, облыстың батысында, солтүстігінде, шығысында екпіні 15-20, кей уақытта 23-28 м/с күтіледі.

Ақмола облысында бұрқасын, облыстың оңтүстігінде, шығысында көктайғақ, күндіз облыстың оңтүстігінде, шығысында бұрқасын күтіледі. Оңтүстік-батыстан, батыстан жел соғады, түнде екпіні 15-20, облыстың солтүстігінде, оңтүстігінде, шығысында кей уақыттарда 23-28 м/с, күндіз облыстың солтүстігінде, оңтүстігінде, шығысында екпіні 15-20 м/с күтіледі.

Атырау облысында тұман, көктайғақ күтіледі.

Қызылорда облысының батысында, солтүстігінде көктайғақ күтіледі. Облыстың батысында, солтүстігінде, орталығында тұман күтіледі.

Түркістан облысының солтүстігінде тұман күтіледі. Оңтүстік-батыстан жел соғады, таңертең және күндіз облыстың солтүстігінде, таулы аудандарында күші 15-20 м/с.

Маңғыстау облысының солтүстігінде көктайғақ күтіледі. Облыстың батысында, солтүстік-шығысында, орталығында тұман күтіледі. Оңтүстік-батыстан, батыстан жел соғады, түнде облыстың солтүстік-батысында екпіні 15-20 м/с күтіледі.

Солтүстік Қазақстан облысының оңтүстігінде, шығысында, күндіз облыстың солтүстігінде бұрқасын күтіледі. Оңтүстік-батыстан жел соғады, түнде облыстың оңтүстігінде, батысында екпіні 15-20 м/с, күндіз күші 15-20, екпіні 23-28 м/с.

Шығыс Қазақстан облысының батысында, солтүстігінде, шығысында кей уақыттарда қатты жауын-шашын (жаңбыр, қар), бұрқасын, көктайғақ күтіледі. Жел оңтүстік-шығыстан, оңтүстіктен соғады, облыстың батысында, солтүстігінде, шығысында 15-20, екпіні 23-28 м/с.

Жетісу облысының оңтүстік-шығыстан жел соғады, облыстың солтүстігінде, шығысында екпіні 17-22 м/с.

Қостанай облысының оңтүстігінде, шығысында, күндіз облыстың солтүстік-шығысында, оңтүстігінде бұрқасын күтіледі. Облыстың оңтүстігінде тұман күтіледі. Батыстан, солтүстік-батыстан жел соғады, облыстың оңтүстігінде, шығысында екпіні 15-20 м/с күтіледі.