Елімізде омбудсмен институты құрылуы мүмкін

Елімізде омбудсмен институты құрылуы мүмкін
Сурет: Тop-news.kz

Құжат 27 қаңтарға дейін қоғам талқысына шығарылды.

Әлеуметтік осал топтардың құқығын қорғайтын омбудсмен институты пайда болады, деп хабарлайды Almaty-akshamy.kz

Қазақстан Президенті жанынан Халықтың әлеуметтік жағынан осал санаттарының құқықтары жөніндегі уәкіл институты құрылуы мүмкін. Тиісті құжат «Ашық НҚА» порталында жарияланды.

Қаулыда Уәкіл институты өз қызметін қоғамдық бастамада жүзеге асыратыны айтылған.

Уәкілдің негізгі мақсаттары – халықтың әлеуметтік жағынан осал санаттарының құқықтары мен заңды мүдделерінің кепілдіктерін қамтамасыз ету, сондай-ақ мемлекеттік және қоғамдық институттарымен өзара іс-қимылда олардың құқықтары мен бостандықтарын қалпына келтіру.

Омбудсмен мына адамдардың негізгі құқықтары мен заңды мүдделерін қорғайды:

- Ұлы Отан соғысының ардагерлері;

- жеңілдіктері бойынша Ұлы Отан соғысының ардагерлеріне теңестірілген ардагерлер;

- басқа мемлекеттердің аумағындағы ұрыс қимылдарының ардагерлері;

- мүгедектігі бар адамдар;

- мүгедектігі бар балалары бар немесе оларды тәрбиелеп отырған отбасылар;

- атаулы әлеуметтік көмек алушылар;

- асыраушысынан айырылу бойынша жәрдемақы алушылар;

- жасына қарай зейнет демалысына шыққан зейнеткерлер;

- қандастар;

- «Алтын алқа», «Күміс алқа» алқаларымен наградталған немесе бұрын «Батыр ана» атағын алған, сондай-ақ I және II дәрежелі «Ана даңқы» ордендерімен наградталған көп балалы аналар, көп балалы отбасылар жатады.

Құжат 27 қаңтарға дейін қоғам талқысына шығарылды.