Еліміз ғылымды қаржыландыруды 2 есе өсірді

Еліміз ғылымды қаржыландыруды 2 есе өсірді

Мемлекеттің дамуы ұлттық ғылымның әлеуетіне тікелей байланысты.

ҚР Премьер-Министрі Ә. Смайылов «өз вакцинасы бар алты елдің қатарында Қазақстанның болуы отандық ғылымның әлеуеті қаншалықты зор екенін көрсететінін» айтты, деп хабарлайды Almaty-akshamy.kz.

«Бұл орайда, Қазақстан ғылымының болашағы өте зор. Сонымен қатар отандық ғылымда айтарлықтай серпіліс бар. Елімізде соңғы екі жылда республикалық бюджеттен ғылымды қаржыландыру шамамен 2 есе өсті. Коронавирус инфекциясына қарсы өз вакцинасы бар алты елдің қатарында Қазақстанның болуы отандық ғылымның әлеуеті қаншалықты зор екенін көрсетеді. Біз ғылымға жаңа леп әкелген өз вакцинамызды мақтан тұтамыз! Бұл – шын мәнінде біздің ғалымдарымыздың үлкен жеңісі! Отандық ғылым халқымыздың өмір сапасын жақсартуға елеулі үлес қосуы тиіс. Ғылым саласындағы бағдарламалық құжаттардың барлығы осыған бағытталған», - деді Үкімет басшысы.