Елдегі зообақтардың жалпы саны азайып барады

Елдегі зообақтардың жалпы саны азайып барады
Сурет: Qazaqtimes.com

Қазақстан зообақтарындағы жануарлар, құстар мен балықтар саны бір жылда 29%-ға азайды.

Былтыр елімізде 13 зообақ болды. Олар еліміздің 8 өңірінде ғана болған. Зообақтардың 8-і шағын, 3-і орта, 2-і ірі кәсіпкерлік субъектілеріне тиесілі болды, деп хабарлайды Almaty-akshamy.kz Elorda.info сайтына сілтеме жасап. 

Елде хайуанаттар бағының жалпы саны азайып барады. Мәселен, 2018 жылы олардың саны — 20, 2019 жылы — 18, 2020 жылы — 16 болды.

Еліміздегі  зообақтардың жалпы ауданы 2021 жылы 100,5 гектарға жетті, оның ішінде 63,4 мың шаршы метр - аңдардың, құстартардың және балықтардың панасы.

Онда  ұсталатын жануарлардың саны 2022 жылы 29% азайып, 12 мың болды. Олардың ең көп бөлігі оңтүстік астанада: 3,8 мың, бір жылда 55,3% -ға азайған.

Астана екінші орында (Ақмола облысын қоса санағанда): елорда мен Ақмола облысының зообақтарындағы аң, құстардың және балықтың саны 3,2 мың — бір жыл бұрынғыдан 6,7% -ға аз.

Жануарлар саны бойынша алғашқы үштікті Шымкент жапты: оңтүстік мегаполистің зообақтарында 2,6 мың данасы бар — бір жыл бұрынғыдан 0,7% -ға көп.

Қазақстандағы зообақтағы жануарлар ішінде ең көбі балық: 2021 жылы 7,1 мың дана. Сондай-ақ зообақтарда 1,9 мың сүтқоректі, 1,9 мың құс, 744 омыртқасыз, 341 бауырымен жорғалаушы және 54 қосмекенді болған.