Ерболат Досаев Алатау ауданының тұрғындарымен кездесіп жатыр

Ерболат Досаев Алатау ауданының тұрғындарымен кездесіп жатыр
сурет: Inbusiness.kz

Азаматтарымыздың әл-ауқатын жақсарту - басты міндет

Алматы қаласының әкімі Ерболат Досаевтың Алатау ауданының тұрғындарымен кездесуі өтіп жатыр, деп хабарлайды Almaty-akshamy.kz. 

«Құрметті Алатау ауданының тұрғындары! Сіздерді кезекті кездесуде көргеніме қуаныштымын! Бүгінде біздің маңызды міндетіміз экономиканы одан әрі дамыту, азаматтарымыздың әл-ауқатын жақсарту болып табылады», - деді қала басшысы тұрғындарға.

Сонымен бірге, әкімнің айтуынша, осы жылы 9 ақпан және 28 сәуірде өткен кездесуде аудан тұрғындары 120-ға жуық мәселе көтерген болатын. Олар негізінен тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық, қоғамдық көлік, әлеуметтік сала, жер қатынастары, бизнесті қолдауға қатысты болды. Сонымен бірге, жеке сипаттағы мәселелер бойынша сұрақтар қойылды.

«Кездесу барысында 57 сұраққа түсініктеме берілді. Қалған 63 мәселе бойынша мен хаттамалық тапсырмалар бердім. Оларды қалалық басқармалар мен коммуналдық қызметтер орындап жатыр. Бүгінде тапсырмалардың 70%-ы орындалды. Қалғандары бойынша жұмыс жүріп жатыр. Енді сіздер көтерген меселелерді шешу бойынша қабылданған және қабылданып жатқан шараларға тоқталайын», - деді Ерболат Досаев.