Елде Сирия мәселесінің кезекті отырысы өтпек

Елде Сирия мәселесінің кезекті отырысы өтпек
Сурет: Ru.wikipedia.org

Елордада Сирия мәселесі жөніндегі Астана процесінің кезекті отырысы өтеді

21-22 желтоқсан күндері елордада Сирия мәселесі жөніндегі Астана процесінің кезекті отырысы өтеді, деп хабарлайды Almaty-akshamy.kz

ҚР Сыртқы істер министрлігінің хабарлауынша, келіссөздерге Ресей, Түркия, Иран, Сирия үкіметтерінің және сириялық оппозиция делегациялары қатысады.

Бақылаушы ретінде БҰҰ, Иордания, Ливан және Ирак өкілдері шақырылған. Жиын барысында Астана процесі аясында бұған дейін қол жеткізілген келісімдерді орындау және деэскалация аймақтарындағы тұрақтылықты қолдау жайы қарастырылады.

Кепілдегі тұлғалар бойынша жұмыс тобының отырысы да өтеді. Тараптар Женевадағы сириялық Конституциялық комитет жұмысының жоспарларын талқылауы тиіс.