Алматы облысында тағы бір қару-жарақ сақталған орын анықталды

Алматы облысында тағы бір қару-жарақ сақталған орын анықталды
Сурет: Polisia.kz

Ағымдағы жылдың 15 қарашасында  Алматы облысы ПД ҰҚҚКБ-ға Іле ауданының аумағында атыс қаруының сақтау орны туралы жедел ақпарат келіп түсті, деп хабарлайды Almaty-akshamy.kz.

Қару - жарақ қоймасы Іле ауданының Боралдай аэродромының жанындағы «Риф-Раф» мейрамханасының артындағы қоймада орналасқан қараусыз қалған үйшіктен табылды.  

«Іле ауданының ПБ тергеушілері ТТ маркалы тапаншаны, патрондарды, гранатаны және бронежилетті тәркіледі. Аталған факті бойынша ҚР ҚК 287-бабы 3-бөлігі бойынша тергеу басталды, ол аталған бөлімшенің тергеушілеріне тапсырылды», - деп хабарлады полиция департаменті.

Сараптама нәтижелері қоймадан табылғандардың қылмыс жасауда пайдаланылғанын, не пайдаланылмағанын көрсетеді.  Ал қарудың кімге тиесілілегін сот - баллистикалық сараптама анықтайтынын болады. Қылмыстық іс бойынша тергеу барысын Алматы облысы ПД басшылығы бақылауға алды.