Қаламызда жалға берілетін пәтерге сұраныс жоғары

Қаламызда жалға берілетін пәтерге сұраныс жоғары
Сурет: inform.kz

Жылда тамыз айында жалға берілетін пәтер ақысы қымбаттайды.

Алматының Бостандық, Алмалы, Медеу аудандарынынан пәтер жалдағысы келетіндердің саны өте көп, деп хабарлайды Almaty-akshamy.kz ҚазАқпаратқа сілтеме жасап.

Мұндай пікірді онлайн брифинг барысында Қазақстан риэлторлар қауымдастығының мамандары айтты. 

Қазақстан риэлторларының өзін-өзі реттейтін қауымдастығы президентінің кеңесшісі Нина Лукьяненко жалға берілетін тұрғын үй бағасы неден қалыптасатынын айтты.

«Нарықтық экономика сұраныс пен төлемге қабілетті ұсыныстың әсерінен бағаны қалыптастыруға мүмкіндік береді. Жасыратыны жоқ, соңғы айларда жалдау құны айтарлықтай өсті, бірақ бәрі ұмытып кететін тағы бір экономикалық процесті есте ұстаған жөн. Өкінішке қарай, биыл 15% аясында инфляция дәлізі жарияланды. Бұл бағаның барлығына да өсетінін білдіреді, ал жалдау – нарықта ұсынылатын қызмет», - дейді спикер.

Біріккен риэлторлар қауымдастығының мүшесі Орынбасар Сатаев өз кезегінде, жалға алатын пәтерлерге сұраныс жоғары екенін атап өтті.

«Біріншіден, сұраныс бар. Сәйкесінше баға да өседі. Мысалы, Алматының Бостандық, Алмалы, Медеу аудандарынынан пәтер жалдағысы келетіндердің саны өте көп. Себебі, жоғары оқу орындары осы аталған аудандарда шоғырланған. Жалпы, бағаның көтерілуі – әлемдік тендеция, тек біздің елде ғана емес. Бұл мәселені шешу үшін жатақханалар көптеп салынуы керек. Баға тапшылықтан көтеріліп жатыр», - дейді маман.