Октябрь ауданы Әлихан Бөкейхан ауданы деп өзгеретін болды

Октябрь ауданы Әлихан Бөкейхан ауданы деп өзгеретін болды
Сурет: Aikyn.kz

Бұл біраз уақыттан бері айтылып, жазылып келе жатқан мәселе болатын.

Қарағанды облыстық  мәслихаттың кезекті IX сессиясында тарихи шешім қабылданып, Октябрь ауданын Әлихан Бөкейхан атындағы аудан деп өзгерту туралы облыс әкімінің қаулысы қабылданды, деп хабарлайды Almaty-akshamy.kz

Сондай-ақ Әлихан Бөкейханның 155 жылдығына және ел Тәуелсіздігінің 30 жылдығы мерекесі қарсаңында Қарағанды қаласының Октябрь ауданының атауын Әлихан Бөкейхан атындағы аудан деп өзгерту туралы  Қарағанды облысының әкімдігі ҚАУЛЫСЫ және облыстық мәслихаттың шешімі депутаттардың бірауыздан қолдауымен қабылданды.