COVID-19-дың адам дауысына әсері бар ма?

COVID-19-дың адам дауысына әсері бар ма?
Сурет: Coronavirus-monitor.ru

Коронавируспен ауырған адамның дауысы жоғалуы мүмкін

Ковид кезінде дауыстың жоғалуы инфекцияның төменгі тыныс жолдарына өткенін білдіреді, деп хабарлайды Almaty-akshamy.kz РЕН-тв-ға сілтеме жасап.

- Коронавирустан науқастар дауысты толықтай немесе ішінара жоғалтуы мүмкін, - деді дефектолог-фонопед, доцент Родион Барабанов. 

Ол мұндай асқыну ең алдымен көмейдің қабынуы мен тыныс алу функциясының бұзылуы аясында дамитынына назар аударды. Сонымен қатар, бұл симптом инфекцияның төменгі тыныс жолдарына ене бастағанын көрсетеді.

"Дауыс қатпарлары икемділігін жоғалта бастайды, жұмсарады. Бұл дисфонияға, яғни дауыстың ішінара жоғалуына немесе афонияға, яғни сөйлеу қабілетінің толық болмауына әкеледі", — деп түсіндірді Барабанов.

Энгельгарт атындағы Молекулалық биология институтының жасуша пролиферациясы зертханасының меңгерушісі, профессор Петр Чумаков дауыстың жоғалуы коронавирустан кейін бірнеше тромбоздың пайда болуының салдары болуы мүмкін екенін атап өтті.