«Омония» - «Қайрат» матчы өтеді

«Омония» - «Қайрат» матчы өтеді
Сурет: Рrosports.kz

10 желтоқсанға қараған түні Никосияда алматылық «Қайрат» УЕФА Конференциялар лигасы топтық кезеңіндегі соңғы матчын өткізеді

Алматылық ұжым жергілікті «Омонияға» қарсы ойнайды, деп хабарлайды Almaty-akshamy.kz Рrosports.kz-ке сілтеме жасап

Бұл кездесудің турнирлік маңызы жоқ, өйткені «Омония» да, «Қайрат» да плей-офф кезеңіне шығу мүмкіндігінен айырылды.

Дегенмен, жеңіс «Қайрат» командасына бүгін қарсыласынан озып, өз тобында үшінші орын алуға мүмкіндік береді.

«Омония» – «Қайрат» матчының тікелей трансляциясы Нұр-Сұлтан уақытымен 01:50-де басталады, оны Qazaqstan телеарнасынан немесе мына СІЛТЕМЕ арқылы көруге болады.