Тауға шығып түсе алмай қалған...

Тауға шығып  түсе алмай қалған...
Сурет: Astanatv.kz

Қазақстандық гид-альпинист пен ресейлік турист Эльбруста 5 мың метр биіктіктен құтқарылды.

Олар сенбі күні Мәскеу уақытымен сағат 22.20-да (Астана уақытымен сағат 01.20-да) Эльбрус тауында 5 мың метр биіктікте қалып қойған туристерден көмек сұраған хабарлама келіп түскен, деп хабарлайды Almaty-akshamy.kz.

Топ құрамында ресейлік альпинист және оған жол көрсеткен Қазақстаннан келген гид бар, олардың аяқ-қолдары үсіп қалған", - делінген хабарламада.

Ресей ТЖМ Эльбрус таулы іздеу-құтқару жасағының тоғыз құтқарушысы 2 сағаттан соң альпинистерді тапқан.

Құтқарушылар оларға 3850 метр биіктіктегі "Гара-Баши" станциясына түсуге көмектескен. Альпинистер одан кейінгі көмектен бас тартқан.