Боранда жоғалған 8 жасар бала табылды

Боранда  жоғалған 8 жасар бала табылды
Сурет: Polisia.kz

Абай облысының Аягөз ауданында қарлы боранда мал іздеуге шығып жоғалып кеткен 8 жасар бала аман-есен табылды, деп хабарлады polisia.kz.

Облыстық полиция департаментінің хабарлауынша, 11 ақпанда сағат 18.00 шамасында Аягөз ауданының полиция бөліміне жергілікті тұрғындар кәмелетке толмаған 2015 жылы туған ұлы Иманғали Мерей Нұржанұлын іздеуге жәрдемдесу туралы өтініш білдірген.

Сурет: Polisia.kz

«Баланы іздеу дереу басталды, полиция бөлімінің барлық жеке құрамына дабыл қағылды. Полицейлерден басқа Аягөз қаласында орналасқан әскери бөлімдердің әскери қызметшілері, төтенше жағдай қызметкерлері, еріктілер және ауданның қамқор тұрғындары іздеуге белсенді қатысты. Жағдай ішкі істер министрінің ерекше бақылауында болды», - деп атап өтті облыстық полиция департаментінің бастығы Бектөре Сұлтан.

Іздеу іс-шаралары 4 сағаттан астам жүргізілді, ауа райы жағдайы жедел-іздестіру іс-шараларын қиындатса да, баланы іздеуге 100-ден астам адам қатысты.

Полиция мен құтқарушылардың арнайы қарда жүретін көліктермен және атпен жүрді. Әуеге 5 дрон «көтерілді.

Сурет: Polisia.kz

Қабылданған шаралардың нәтижесінде қайғылы жағдайға жол берілмеді, тәртіп сақшылары жергілікті тұрғындармен бірге елдімекеннің шетінде баланы кездестірді. Боранның кесірінен бала бағдардан адасып қалған. Боран басылған сәтте ол өзін іздегендердің шамын көріп, сол бағытқа қарай жүрген. Қазіргі уақытта бала ата-аналарға тапсырылды. Оның денсаулығына ешқандай қауіп төніп тұрған жо. Баланы іздеуге қатысқандардың барлығына алғысымды білдіремін», - деді С. Бектөре.

Сурет: Polisia.kz