Венеция биенналесінде алғаш рет Қазақстан павильоны ашылады

Венеция биенналесінде алғаш рет Қазақстан павильоны ашылады
Сурет: Qazaqtv.com

Беделді шара 21 сәуір мен 27 қараша аралығында өтеді

Алғаш рет 59-шы Венеция биенналесінде Қазақстан павильоны ашылмақ. Халықаралық өнер көрмелерінің бірінде еліміздің атынан ORTA трансдисциплинарлық командасы қатысады, деп хабарлайды Almaty-akshamy.kz 

Олардың жобасы аты аңызға айналған алматылық суретші Сергей Калмыковтың идеяларына негізделген.

«Венеция биенналесіндегі ұлттық павильонымыз – қазақ өнер сахнасындағы көптен күткен оқиғалардың бірі. Бұл көрмені белгілі суретші Сергей Калмыковқа арнау туралы шешім қабылданды. Ол – көптеген суретшілерді шығармашылықпен шабыттандырған алғашқы суретші. Павильон қазақтың заманауи өнерін әлемде де, ел ішінде де қолдауға және көрсетуге арналған көптеген жобалардың біріне айналады деп сенемін», – деді Венеция биенналесіндегі Қазақстан павильонының комиссары Меруерт Қалиева.

Венеция биенналесі – екі жыл сайын Венецияда өтетін және жылына 550 мыңнан астам адам тамашалайтын ең беделді халықаралық өнер көрмелерінің бірі.