Египеттегі турнирдің екінші күні қазақстандық үш балуан жүлделі болды

Египеттегі турнирдің екінші күні қазақстандық үш балуан жүлделі болды
сурет:bassport.kz

Қазақстандық балуандар 1 күміс, 2 қола медаль алды.

Египеттің Александрия қаласында күрес түрлерінен рейтингтік турнирдің екінші күні қазақстандық балуандар 1 күміс, 2 қола медаль алды, деп хабарлайды Аlmaty-akshamy.kz 

Ибраһим Мұстафа жүлдесіне арналған халықаралық турнирде грек-рим күресінен 77 келі салмақта Демеу Жадыраев күміс медаль алды.

Сондай-ақ, 72 келідегі Данияр Қаленов пен әйелдер күресінен 76 келідегі Эльмира Сыздықова турнирдің қола жүлдесін еншіледі.