Елімізде 500 мың адам әкімдіктерде баспана кезегінде тұр

Елімізде 500 мың адам әкімдіктерде баспана кезегінде тұр
Сурет: Inform.kz

Алдағы жылдары елімізде 10 млн адам баспанаға мұқтаж болуы мүмкін.

Қазірдің өзінде 2 млн азамат тұрғын үй алуға ниетті. 500 мың адам әкімдіктерде баспана кезегінде тұр. Кейінгі жылдары ауылдан қалаға 5 млн жуық тұрғын қоныс аударған. Сондай-ақ шетелден келіп жатқан қандастарды есепке алсақ, жаңағы айтқан 10 млн адамға баспана қажет болады. Астанада жылжымайтын мүлік нарығы жайында өткен форумда осы мәселелер айтылды, деп хабарлайды Almaty-akshamy.kz.

Осы жиында елде Халықаралық жылжымайтын мүлік қауымдастығының кеңсесі ашылғаны да белгілі болды. Осы ұйым өкілдері, отандық және шетелдік құрылыс компанияларының басшылары мен салаға қатысты мамандар тұрғын үй нарығын дамыту жайында пікір алмасты. 

 «Бұл болашақта бізге не береді деген мәселеге тоқталсақ, көптеген шетелдік компаниялар біздің елдегі құрылыс нарығы мен ондағы ахуалды біле бермейді.  Біздің қауымдастық жылжымайтын мүлік нарығының даму бағытына сараптама жасап, әріптестерге жан-жақты қолдау көрсетіп отырады», - деді FIABCI CENTRAL ASIA кеңсесінің басшысы Әлия Серікпаева.