Коронавирус жұқтырған 1400 астам алматылық ем алып жатыр

Коронавирус жұқтырған 1400 астам алматылық ем алып жатыр
Сурет: 24.kz

Ауруханада 99 бала емделіп жатыр.

Алматы ауруханаларында 1405 адам COVID-19 ем қабылдап жатыр, деп хабарлайды Almaty-akshamy.kz.

7 ақпан күнгі ақпарат бойынша, бір тәулікте қалада 445 адам коронавирус жұқтырған. Барлық емделіп шыққандар – 280, келіп түскені – 147

Инфекциялық стационарларда 1 405 адам бар (төсек-орын 3310 ). Оның ішінде 99 бала емделіп жатыр.

Сондай-ақ, реанимация және қарқынды терапия бөлімінде 107 адам жатыр.

Ал 23 науқас жасанды тыныс алу аппаратына қосылған.

«Инвазивті емес жасанды тыныс алу аппаратында 37 адам ем қабылдауды жалғастыруда. High flow-да 24 аппарат жұмыс істейді», - делінген қоғамдық денсаулық сақтау басқармасының баспасөз қызметінен хабарламасында.

7473 пациент М едициналық-санитариялық алғашқы көмек мобильді бригадаларының және Телемедицина орталығының амбулаториялық бақылауында.

Оның ішінде індетке шалдыққан орташа ауыр жағдайда – 6 967 науқас, симптомсыз 506 науқас бар.