Дүйсенбі Тұрлыхановтың баласына үкім шығады

Дүйсенбі Тұрлыхановтың баласына үкім шығады
Сурет: ашық дереккөз

Дәулет Тұрлыхановтың ұлы бас бостандығынан айырылуы мүмкін

Бүгін Алматы гарнизонының әскери сотында депутат Тұрлыхановтың  баласы Нұрасыл Болатты ісі бойынша алғашқы тыңдаулар өтті, деп хабарлайды Almaty-akshamy.kz

Ол адвокат Олег Чернов пен  оның жұбайы Аннаның денсаулығына қасақана орташа зиян келтірді деп айыпталуда. Оқиға қыста болған еді, бірнеше айға созылған тергеуге нүкте қойылатын болды. 

Мемлекеттік айыптаушы Тұрлыхановтың ұлын қылмыс жасағаны үшін кінәлі деп тануды және оған бір жарым жыл бас бостандығын шектеу түріндегі жаза белгілеуді сұрады. Мұндай  әрекет үшін (Қылмыстық кодекстің 107-бабы 2-бөлігінің 1 және 5-тармақтары) 3 жылға дейінгі мерзімге бас бостандығынан айыру көзделген. 
Жәбірленушілер Тұрлыхановтың ұлы үшін дәл осындай жазаны сұраған. Судья Дихан Алиасқаров қандай шешім қабылдайтыны дүйсенбі күні белгілі болмақ.  Сол күні үкім жарияланады.